05 Қаз 2020
Материал басты

Мектеп туралы


«Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектебі» КММ

Мектеп тарихы

«Әр халықтың өркендеп дамуы үшін алдымен азаттық пен білім керек», – деген екен Ш.Уәлиханов. Біздің Амангелді атындағы орта мектебі алғаш рет 1947-1948 оқу жылының  алғашқы қоңырауын соғып, жеті жылдық мектеп болып ашылды. 1964 жылы №7 мектеп болса, ал 1969 жылы орта мектеп болып өзгертілді. 1974 жылы мектепке Амангелді Имановтың есімі берілді. Осы жылдарда және қазіргі уақытта мектепте басшылық жасаған,жасап жатырған мектеп басшылары:

Мектеп 1948-49 оқу жылында бастауыш түрінде ашылды. 1954 жылы №7 – ші жеті жылдық білім беретін мектеп болып өзгертілді. 1974 жылы мектепке халық батыры, ұлт – азаттық көтерілісінің жетекшісі болған Амангелді Имановтың есімі берілді. Ал, Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі №1313-ші қаулысына сәйкес мектеп, «Қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. Мектепте жетпіске тарта педагог қызметкерлер білім мен тәрбие беру жолында жұмыс жасап келеді. Мектеп, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен, ақпараттық технологиялар орталығымен, облыстық және қалалық білім бөлімінің әдістемелік орталықтарымен тығыз байланысты жұмыс жасайды.


“Атырау облысы Білім беру басқармасының” Атырау қаласы білім бөлімінің “Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”коммуналдық мемлекеттік  мекемесі  ӘКІМШІЛІК құрамы.

 


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де NCOC компаниясының демеушілігімен STEM лаборатория кабинеті жасақталған. STEM лаборатория кабинетінде жаратылыстану бағытындағы пәндерден сабақтар өткізіледі. Арнайы құрылғылар мен оқушылар жұмыс жасайды. Құрылғылармен жұмыс жасау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда. 10 "А  сынып оқушылары информатика пәнінен "Робот техникасы" факультатив сабағы үстінде. Пән мұғалімі Жалмұқанова Құралай Құлманбетқызы.


“Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп “КММ бойынша биылғы 2021-2022 оқу жылында “Мектепке жол” акциясы аясында инклюзив және арнайы сыныпта оқитын 11 оқушыға Қалалық білім бөлімінен демеушілер тарапынан ұсынылған 15.000 теңгенің сертификаты табыс етілді.