20 Ақп 2019
Жаңалықтар goroo

«Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үрдісіндегі М.Монтессори әдісінің маңызы»

2019 жылдың 29 қаңтар айында №3 бұйрық негізіне сәйкес  «Мирас» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үрдісіндегі М.Монтессори әдісінің маңызы» атты қалалық семинар өтті.

Семинар жұмысына Атырау қаласының балабақша тәрбиешілерімен және әдіскерлері қатысты. Семинарды қалалық білім бөлімінің әдіскері Жұмағаным Айдаровна Қарабалиева «Шығармашылық еңбек және көркем ойлау, М.Монтессори педагогикасы» тақырыбында баяндама оқыды.Семинар қатысушылары теориялық бөлімінде Монтессори әдісінің негізгі идеяларымен танысты, идеяның мәнісі дайындалған ортада баланың өздігінен дамуын ынталандырады.

Семинардың практикалық бөлімі екі бөлімнен тұрды: Монтессори материалдарын пайдаланып  ұйымдастырылған оқу қызметін көрсету және материалдармен жұмыс жасау презентациясы. Семинар қатысушылары Монтессори әдістерін кеңінен қолдану қажеттілігі туралы жалпы пікірлерін ортаға салды, өйткені бұл балалардың үйренуге деген мотивациясын және жұмыс барысында шоғырлану қабілетін жетілдіруге  көмектеседі.


Семинар жұмысын қорытындылау  бөлімінде бөбекжай-бақша педагогтары қалалық білім беру бөлімінен алғыс хаттармен марапатталды.