20 Тамыз 2020
Материал басты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығының 8-тармағын басшылыққа ала отырып, «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша байқау жариялайды.

 

 

Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.  

 

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

      

1) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы   № 122 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

     

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

     

3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

      

4)"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

     

5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

         

6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы             № 122 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

     

7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

     

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

 

Күні: 06.02.2019жыл

Уақыты: 16.00

Өткізілетін орны: «Қалалық білім бөлімі» ММ

Көрсетілген құжаттар осы хабарландыру интернет-ресурста жарияланғаннан кейінгі он бес жұмыс күні ішінде Қалалық білім бөліміне тапсырылуы тиіс.

 

 

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 1-қосымша

 

Өтініш нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә. (бар болғанда))

 

Өтініш

      Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке

      дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне

      _________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі

      ұйымның атауы) қосуды өтінемін.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда))

      ______________ М.О.

      (қолы)

      Толтырылған күні

 

 

 

 

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 2-қосымша

Міндеттеме нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

 

Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда))

Жеткізушінің міндеттемесі

      Осымен __________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      атынан _________________________________________________________________________,

      (лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамаққа

      кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық маңызы бар

      қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің

      жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы

      міндеттерді орындауға кепілдік береді.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы ____________________________      ____________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда))                  (қолы)

      М.О.

      Толтырылған күні

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.